Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырауда жаяу жүргіншіні қаққан сот қызметкері сотталды

AstanaTV
03.11.2014ж. 13:00
848
Атырауда жаяу жүргіншіні қаққан сот қызметкері сотталды

Атырауда көлігімен адам қағып өлтірді деп айыпталған сот қызметкеріне үкім шықты. 23 жастағы Алтынгүл Маеваға өзі қызмет атқарған №2-сот бір жылға шартты түрде жаза кесті.

Боранбай Ғалиев, Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Сот Алтынгүл Маеваны ҚР ҚК 296-бабы екі бөлігімен кінәлі деп таныды. Оған 1 жылға бас бостандығынан айыруға, Қылмыстық Кодекстің 63-бабының ережелері негізінде бас бостандығын айыру жазасын шартты түрде деп санап, 3 жылға сынақ мерзімін тағайындады. Қосымша жаза ретінде 3 жылға көлік құралын жүргізу құқынан айырылды. Үкім жәбірленуші жақтың пікірлерін ескере отырып шығарылды.

Еске салайық, биыл 2-ші шілде күні Атырауда сот қызметкері шетелдік көлігімен аса үлкен жылдамдықта бағдаршамның қызыл шамына тоқтамай өтпек болған. Сол кезде жолдан өтіп бара жатқан 1 адамды қағып кетеді. Ауыр соққыдан жаяу жүргінші қаза тапқан. Алтынгүл Маева оқиға орнында қамауға алынып, артынша, 200 мың теңге кепіл ақшамен үйіне жіберілген.

Сот процесі барысында ол өз әрекетін абайсызда орын алды, деп түсіндірді. Ал жәбірленуші тарап жас қызға кешірім жасап, соттан шартты түрде жаза беруін сұраған. Қайтыс болған Алтынай Қайрошеваның артында 4 баласы қалды.

Базаркүл ІЗІМОВА