Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда келесі жылы астық тұқымының тапшылығы болуы мүмкін

AstanaTV
04.11.2014ж. 10:00
963
Қазақстанда келесі жылы астық тұқымының тапшылығы болуы мүмкін

Қазақстанда көктемгі егін науқаны кезінде дәнді дақылдар тұқымының тапшылығы болады. Тіпті оның бағасы тым қымбаттап кетуі мүмкін. Қазақстанның фермерлер одағы осылай деп отыр.

Мамандардың хабарлауынша, қар астында қалған немесе әбден ылғал тартқан дән келесі жылы тұқымдыққа мүлдем жарамайды. Фермерлер одағы биылғы жылғы жиын-терім науқанындағы жағдайды «төтенше оқиға» деп қабылдану керек деген пікірде. Және оның алды алынбаса, келесі жылы диқандар шығынға батады деп отыр.

Айта өтейік, қазір элеваторларға сапасыз астық жиналып жатыр. Оның басым бөлігі 4-ші сұрыпты. Өйткені астыққа бай өңірлерде дәнді дақылдар жиналып болмай, қар түсіп кетті.

Илхам ИБРАГИМ