Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Өскеменде «Ертіс» корпорациясына тиесілі тұрақтандыру қорының өнімдері сатыла бастады

AstanaTV
04.11.2014ж. 20:00
1125
Өскеменде «Ертіс» корпорациясына тиесілі тұрақтандыру қорының өнімдері сатыла бастады

Өскеменде «Ертіс» корпорациясына тиесілі тұрақтандыру қорының дүңгіршектері жұмыс істей бастады. Шаһарда сәбіз, қырыққабат, қызанақ, пияз, картоп секілді негізгі көкөністердің келісі 65 теңгеге сатылып жатыр. Бұл базар бағасынан екі есе арзан.

Өскемендегі екі бірдей көкөніс қоймасында 60 тонна қызанақ, 15 мың тонна картоп, 600 тонна пияз сақтаулы. Осы қор қала тұрғындарының сұранысын қамтуға жеткілікті. Бұдан бөлек, аудандарда да қор жинақталған. Орақ науқаны басталғанда «Ертіс» корпорациясы шаруалардан көкөністі тонналап сатып алған еді. Бірінші кезекте өнім сапасына басымдық берілді. Бүгінде Өскемен мен Семейде барлығы 60 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр. Оларда кезекте тұрған адам қарасы қалың.

Намного дешевле, очень удобно, бабушки-пенсионерки здесь в основном всегда покупают. 

«Ертіс» корпорациясы басшылығы баға 65 теңгеден аспайды дейді. Қажет болған жағдайда шаруалар қосымша көкөніс жеткізуге әзір. Сондай-ақ, өнім өндірушілер мен Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация мамандары азық сапасын бақылауда ұстайды. Қолдан қымбаттату, тауарды ауыстыру сияқты құйтырқылықтарға жол жоқ дейді. 

Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Біздің мақсатымыз - бағаны көбейтпеу. Қарап отырмыз - баға өсіп жатыр. Сондықтан өз қорымыздан шығарып жатырмыз. Білесіздер, бәскелестік болады, содан бағаның өсуі тоқтайды.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ