Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қазақстан мемлекеттігінің 550 жылдығына фильм түсіріледі

AstanaTV
04.11.2014ж. 20:00
1140
Қазақстан мемлекеттігінің 550 жылдығына фильм түсіріледі

Қазақстанда 2015 жылы мемлекеттіктің 550 жылдығын мерекелеуге әзірліктер басталып та кетті. Осының аясында елімізде көп сериялы фильм түсіріледі. 20 сериядан тұратын тарихи туындыны жарыққа шығару Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асқалы отыр.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болашақ фильмнің сценарийі жақын арада жазылып бітетінін айтты. Түсірілім 2015 жылдың 1 қаңтарынан басталатынын да қоса кетті. Сериалдың бюджеті әзірге бекітілмеген. Ал фильмнің сапалы болып шығуын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатаң қадағалауда ұстап отыр. «Тың тарихи туындыны түсіруге бұл жолы шет елдік мамандар тартылмайды», - деп сендірді Мәдениет министрі.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Мен айтар едім, сізді мазалаған сұрақ Елбасын да мазалап отыр. Әр кездескенде осы тақырыпта, қалай болар екен, сол бір алдымызға қойған мақсатымыз биік дәрежеде өтсе екен, деген ой бәрін мазалап жатыр. Қазіргі кезде режиссерлік-сценарлық топты құрып жатырмыз, бірнеше топ бар, оның ішінде, әрине, негізгі бағыт - өзіміздің режиссерлар. Жақсы режиссерлар бар.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ