Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қостанайда құтқарушылар ағаш басынан мысығын құтқармақшы болған әйелге көмекке келді

AstanaTV
05.11.2014ж. 20:00
1003
Қостанайда құтқарушылар ағаш басынан мысығын құтқармақшы болған әйелге көмекке келді

Кеше кешқұрым Қостанай қаласында тосын төтенше жайт болды. Ағаш басына мысығын құтқармақ ниетпен өрмелеген бойжеткен ақыр аяғы өзі төмен түсе алмай, көршілерін әбігерге салды. Тұрғындар дереу Солтүстік өңірлік аэромобильді құтқару жасағына хабар беріп, ағаш басындағы аруды құтқаруды сұраған.

Жедел жеткен құтқарушылар 4 метрлік биіктікке баспалдақ қойып, қызды төмен түсірді. Бұрымдының айтуынша, ағаш басына өрмелеп кеткен мысығын құтқарғысы келген. Кейін өзі төменге түсуге қорқып, өзгелерді көмекке шақыруға мәжбүр болған.

Сергей Шмидт, Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары:

Хабар түсе салысымен, құтқарушылар тобы бес минут ішінде оқиға орнына жетті. Баспалдақ қойылған соң, ағаш басындағы қыз аман-есен төменге түсті. Бұдан кейін мысығын да құтқардық. Әлгі бойжеткен екінші мәрте биік ағашқа мінбейтіндей болды.

Заңғар САНАЙ