$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Италияда тасқын салдарынан мектептер жұмысын тоқтатты

AstanaTV
07.11.2014ж. 10:00
933
Италияда тасқын салдарынан мектептер жұмысын тоқтатты

Италияны топан су басып жатыр. Қолайсыз ауа райынан Рим билігі мектептер мен ашық аспан астындағы Колизей сынды мұражайлардың жұмысын тоқтатты. Елдің солтүстік аймақтары дауыл мен толлассыз жаңбырдың астында қалды. Әсіресе, Каррара қаласы зардап шегуде. Нөсерден өзендер арнасынан шығып, су тасқыны бой берер емес. Тұрғындар үйлерінің шатырларына шығып, жан сауғалауда.

Ағын су ауыл шаруашылығы алқаптарын да шайып, шаруаларды шығынға батырды. Жеті мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ал қолайсыз ауа райы орталық және оңтүстік аймақтарға жылжып барады. Ел бойынша төтенше жағдай жарияланған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ