Жерге
оралған ғарышкерлер Қостанайға қонақтады. Бүгін Астана уақыты бойынша 8 сағат
59 минутта Арқалықтан солтүстікке қарай 85 шақырым жерге халықаралық «Союз
ТМА-13М» экипажы аман-есен қонды. Орбиталық станцияда 167 тәулік болған
ғарышкерлердің құрамында - экипаж командирі ресейлік
Максим Сураев, NASA астронавты Рида Вайзман және Еуропалық
ғарыш агенттігінің ғарышкері Александр Герст бар.
Халықаралық
ғарышкерлер тобы бүгін түс кезінде Қостанай әуежайына жеткізілді. Меймандарды
қала басшылары күтіп алып, қазақы дәстүрмен иықтарына шапан жауып, гүл шоқтарын
ұсынды. Еске салайық, «Союз ТМА-13М»
халықаралық экипажы Байқоңырдан ғарышқа
үстімідегі жылы 28 мамырда
ұшқан еді.
Заңғар САНАЙ