Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ұлыбритания «қырғи қабақ» соғыстың қайталануын қаламайды, алайда санкцияларды күшейтуге дайын

AstanaTV
11.11.2014ж. 13:00
1515
Ұлыбритания «қырғи қабақ» соғыстың қайталануын қаламайды, алайда санкцияларды күшейтуге дайын

Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияны күшейтуді қолдайды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Дэвид Кэмерон мәлімдеді.

Ағылшын билігі басшысының айтуынша, Мәскеу саясаты Еуропа аймағына қауіп төндіруде. «Бұл біз көздеген мақсатқа қарсы келуде, егер де Ресей Украинадағы жағдайды тұрақтандырмай, шекарасына тағы да қауіп төндіретін болса, Лондон өз кезегінде Ресейге деген қысымын арттыратын болады», деді премьер-министр өз сөзінде. Сондай-ақ, Кэмерон бұл сөздерін алдағы күндері Брисбенде өтетін G20 саммитінде Владимир Путинге жеке жеткізетінін айтты.

Айта кетейік, Ресей мен Батыс арасындағы ахуалдың нашарлауына Украинадағы жағдай себеп болды. Қазіргі таңда екі жақ бір-біріне қарсы санкцияларды енгізді. Осы ретте саясаткерлермен қатар КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев та жаңа қырғи қабақ соғыстың басталу қаупінің туындауы жайында айтқан болатын.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ