Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Оспановтың ісі тыңдалды

AstanaTV
11.11.2014ж. 13:00
1008
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Оспановтың ісі тыңдалды

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов өзіне тағылған айыпты мойындамады. Ол айыптаушының сөздері дәлелденбеген, ойдан шығарылған, деп санайды.

Оспанов ісі бойынша сот бүгін Астанадағы мамандандырылған ауданаралық сотта жалғасын тапты. Күдікті пара алу дерегі бойынша айыпталғаны мәлім. Судья Ербол Рахымбеков агенттіктің бұрынғы басшысына Қылмыстық Кодекстің 311-бабы 5-тармағы бойынша ірі көлемде пара алу қылмысы үшін айып тағылғанын атап өтті. Еске салайық, Оспанов 1 шілдеде ұсталды.