$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Президент алдағы бес жылда ел экономикасын тығырықтан алып шығатын жаңа Жолдауын ұсынды

AstanaTV
11.11.2014ж. 20:00
1400
Президент алдағы бес жылда ел экономикасын тығырықтан алып шығатын жаңа Жолдауын ұсынды

Президенттің жаңа Жолдауы Қазақстанның жаңа экономикалық саясатына арналды. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл халыққа арнаған биылғы екінші жолдауы. Мемлекет басшысы бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі мүшелерімен кездесуде таныстырған Жолдауын елдің экономикалық дамуына арнады. Мазмұны мен бағыты жаһанды қыспаққа алған экономикалық қиындықтардың алдын алуға бағытталған. Президент бүгін алдағы бес жылда ел экономикасын тығырықтан алып шығатын жаңа бағдарлама ұсынды. Ол «Нұрлы жол» деп аталды. Бұл бастаманың экономикалық және әлеуметтік ахуалға қандай әсері болады? Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Алдағы үш жыл оңайға соқпайды. Геосаяси ахуал ушыққан күйде. Әлемдік экономиканың әлсіреуінен төнген қауіпке қазірден қамдану қажет. 2007 жылы басталған дағдарыс аяқталған жоқ. Керісінше, күшіне мініп, қайта қарқыны үдеп барады. Президент мұны саяси түйсігімен сезіп отырғанын айтты. Сондықтан бұл жолғы Жолдаудың экономикалық сипаты басым. Және ол нақты істерге бағытталған. Ал Үкімет жаңа жылдан бастап дағдарысқа қарсы тұруға білек сыбанып кірісуі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мен Жолдауды ертерек  айтып отырған себебім -  қалған 50 күннің ішінде жаңа жылға дейін Үкімет осы жолдауда не істеу керек екенін дайындап, жаңа жылдан бастап іске кірісуі керек.

Сонымен алдағы бес жылдықта жол салу қарқынды жүргізіледі. Батыс-Еуропа - Батыс Қытайдан бөлек, Астананы облыстармен тікелей байланыстыратын алты жолақты тақтайдай тегіс тас жолдар салынады. Ол Астана - Алматы, Астана - Өскемен - Павлодар - Семей, Астана - Ақтөбе - Атырау, Алматы - Өскемен, Қарағанды - Жезқазған - Қызылорда, Атырау - Астрахан бағытында. Нәтижесінде 200 мың жұмыс орыны ашылады деп күтіледі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Әнеукүні Жезқазған-Бейнеу деген темір жол салдық айдалада, Бетпақдалада. Қазірдің өзінде Асқар Мамин маған келіп айтты, қанша жүздеген ауылдар пайда болды соның бойында. Жол деген - өсіп-өркендеу. Жол - бақ-қуатты тірліктің қайнар көзі.

Екіншіден, арнайы экономикалық аймақтарды қыз-қыз жұмыс істейтін жобалармен жүктеп, жоғары қуатты желілер құрылысы қоса жүргізелді. Ал адамдардың күнделікті тұрмысына тікелей қатысты жағымды жаңалық - ол коммуналдық шаруашылықты жаңартуға 2 трлн теңге бөлінетіні. Бастысы, Президент бүгін мұқтаж жандарға делдалсыз жалға беріліп, кейін меншігіне өтетін баспана құрылысына 180 млрд теңге бөлінетінін мәлімдеді. Халықты қанаумен айналысатын қазіргі банктердегідей емес, шарттары өте тиімді болмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Предоставление жилья по новой программе будет идти напрямую, без посредников. Максимально низкие проценты. Посмотрим. Может быть для обслуживания 1%-2% будет достаточно. Будем тратить на это. Отсутствие первоначального взноса, низкие проценты за ипотеку сделают жилье более доступным для широких слоев казахстанцев.

Бұдан бөлек, мектеп тапшылығын жою үшін, алдағы үш жылдыққа 70 миллиард, бала-бақша құрылысына қосымша 20 миллиард теңге қаралған. Ал жақында ғана қысқартуға ұшыраған бюджет тапшылығын жоюға алдағы үш жылдыққа Ұлттық қордан 9 миллиард теңге бөлінеді. Оның талан-таражға түспей, дұрыс ұқсатылуы - басты назарда.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Үкіметке Ұлттық қордан бөлінген қаржының тиісті бағыттар бойынша тиімді және орынды жұмсалуын қамтамасыз етуді жүктеймін. Әрбір теңгенің қатаң сұрауы болады. «Нұр Отан» бұл жұмысқа белсене атсалысып, партиялық жіті бақылау орнатуы қажет.

«Мұнай саудасынан Ұлттық қорға аударып келген қаржы қиын-қыстау кезеңде елді тағы құтқарады», - деді Президент. Былтыр ақпанда экономиканы қолдауға 1 трлн теңге бөлініп, биыл оның жартысы игерілгені белгілі. Енді қалған 500 млн теңге қайда жұмсалатыны айтылды. Атап айтсақ, 100 млрд тг  шағын және орта бизнес, ірі кәсіпорындарды қолдауға, 250 млрд тг банктердің проблемалық активтерін сатып алуға, 81 млрд тг Тараз, Атырау, Қорғаста арнайы экономикалық аймақ құрылысын аяқтауға, 29 млрд тг Астана әуежайын жаңғыртуға, 40 млрд тг «ЕХРО-2017» көрмесіне бөлінеді. Қысқасы, экономика қаражаттан кенде қалмайды. Бұған қоса, Азия даму банкі, Еуропа даму және қайта құру банкі, Дүниежүзілік банк секілді ірі қаржы құрылымдары да «жомарттық» танытып отырса керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

9 млрд мы выделяем, 9 млрд - международные институты, 1 трлн уже выделено - это 6 млрд, примерно, итого получается, 24 млрд американских долларов направляем на программу, о которой я говорил - инфраструктура дороги. Такого мы никогда не делали, и сейчас огромная ответственность работы ложится на Правительство, на акимы. И мы должны работать так, что, как говорят в простонародье, «пыль столбом должна стоять». 


Осылайша бір сағатқа жуық Үкіметке «Нұрлы жол» экономикалық саясатын тәптіштеп түсіндірген Президент атқамінерлерді сын сағатта шабыттанып жұмыс істеуге шақырды.

Я думаю, что должно всех нас вдохновлять, правда, что у нас есть возможность это делать, что у нас есть средства и подготовленные люди есть, и мы находимся на марше.  Это должно радовать нас. Всего доброго!

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ