$447.08 €479.18 ₽5.53
×

Семей қорғаныс зауытында Екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан қалған танк жөнделіп жатыр

AstanaTV
14.11.2014ж. 20:00
1245
Семей қорғаныс зауытында Екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан қалған танк жөнделіп жатыр

Семейде Екінші дүниежүзілік соғыс ұрыстарына қатысқан атақты алпауыт Т-34 танкісі қорғаныс кәсіпорнында қайта қалпына келтірілуде. Әскери көлік 1944 жылы шығарылған. Алайда, ол үстіміздегі жылдың күзіне дейін Астанада ескерткіш ретінде орын алған.

Әскерилер Т-34 танкін шығыс өңірге темір жолмен жеткізген. Қазіргі таңда бір топ маман танктің бүге-шүгесін түгендеп, қайта жөндеуде. Біраз бөлшектерін қолмен босатып алуға тура келіп жатыр. Зауыт жұмысшылары әскери көліктің мұнарасы мен корпусында сақталған нөмірлер арқылы Т-34-тің ұрыс жолдарын, экипаждың есімі мен шенін зерттеуде. Желтоқсанда жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, танк зауыттың полигонында тиісті сынақтан өтеді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ