Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстанда тың даланың игерілгеніне 60 жыл өтті

AstanaTV
14.11.2014ж. 20:00
1156
Қазақстанда тың даланың игерілгеніне 60 жыл өтті

Қазақстанда тың даланың игерілгеніне 60 жыл өтті. Мерейлі датаны ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық мерекемен қатар атап өтті. Бейбітшілік және Келісім сарайында өткен салтанатты шараға тың игерушілер және ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері шақырылды.

Бүгінде ауыл шаруашылығын түбегейлі реформалау, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау міндеттері  «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасына жүктелген. Мемлекеттік қолдау арқасында агрөнеркәсіп секторы инвесторлар үшін тартымды болып келеді. Соңғы 3 жылда 383 миллиард теңгеге инвестиция тартылған. Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырдағы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы жалғаса түсетінін айтқан. 

Жексенбай Дүйсебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Елбасы өзінің Жолдауында бұны да айтып өтті. Агро салада да, өзге салаларда да өзінің бағдарламалары бар. Оған да әлі күш саламыз деп. Сондықтан бұның ең бастысы - ауыл шаруашылығын кешенді түрде дамыту. Оның ішінде жаңағы өңдеуі бар, экспорты бар, оның ішінде өзіміздің ішкі нарықты қамтамасыз етуі бар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуі бар. Осы жөнінде әлі кешенді жұмыс атқарамыз деп айтты.

Жұрағат БАМАН