$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қостанайда қан орталығы ұйымдастырған шараға 50-ге жуық донор қатысты

AstanaTV
20.11.2014ж. 13:00
1769
Қостанайда қан орталығы ұйымдастырған шараға 50-ге жуық донор қатысты

Қостанайдағы қан орталығы айрықша акцияға мұрындық болды. Шара аясында елуге жуық донор -  20 литр өмір нәрін тапсырған. Акция - жол апатынан қаза тапқандардың халықаралық күні қарсаңында ұйымдастырылды. Орталыққа келушілердің басым бөлігі - ерікті жастар тобы. Олардың негізін қалалық жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері құрады.

Шара барысында қан тапсырудың адам денсаулығына пайдалы жақтары жан-жақты түсіндірілді. Бұл акция сондай-ақ жастардың бойынан қайырымдылық қасиеттерді ояту, оларды қоғамдық белсенділікке үйрету, денсаулық сақтау саясатына үлес қосуға баулу мақсатында жүргізіліп отыр, дейді ұйымдастырушылар.

Татьяна  Бережная, «Өмір үшін» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

Әлеуметтік желілер мен жергілікті арналар арқылы арнайы хабарландыру бердік. Аптаның басынан бері келушілер көп болды. Әсіресе жастар айрықша ат салысты. Олар қан тапсыру арқылы басқа бір жанға қол ұшын беруге болатындығын жақсы түсінді.

Дархан Мусин, қан тапсырушы:

Бүгіндікке тапсырып жатқан қаным өте маңызды деп ойлаймын. Өйткені менің қаным басқа бір адамға көмектесер. Соған  сенемін енді.  

Заңғар САНАЙ