$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Көлік, теңіз және темір жол қатынасы инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды түрде жалғаса бермек

AstanaTV
20.11.2014ж. 20:00
2407
Көлік, теңіз және темір жол қатынасы инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды түрде жалғаса бермек

Елбасы «Нұрлы жол» Жолдауында көлік, теңіз және темір жол қатынасы инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударды. Бұл салаларда жұмыстар қарқынды түрде жалғаса бермек. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы туралы айтылды. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы өкілдерінің мәлімдеуінше, соңғы бес жылда ұзындығы 1 мың 600 шақырымнан асатын темір жол торабы салынды.

Солтүстік пен оңтүстік, шығыс пен батыс арасындағы жүк тасымалының бағыты 1000 шақырымға қысқарған. Халықаралық Ақтау портының аумағы 22 гектарға ұлғайды. Маңызды аймақтардың бірі саналатын Алматы-Шу бағыты бойынша жол құрылысының жобасы іске аспақ. Ал Қазақстан арқылы өтетін жүк тасымалы үшін Астанада көлік-логистикалық орталық ашылады. Бүгінде «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» халықарарлық көлік дәлізінің құрылысы жалғасуда. Жергілікті маңызы бар жолдар да алдағы уақытта ретке келтіріледі.

Ұлан Әліпов, «Қазавтожол» ҰК басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

Қапшағай мен Алматының арасында, Алматы мен Теміртаудың арасында, Астана мен Павлодардың арасында жұмыстар басталып қойды. Енді біз Астана мен Алматы арасындағы жолды 2020 жылға жоспарлап отырмыз. Мына Астана мен Теміртау, Астана мен Павлодар жолдары 2016 жылы ЭКСПО-ға дейін бітеді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ