$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Америка Құрама Штаттарында бұрқасын мен суықтың салдарынан 10 адам қайтыс болды

AstanaTV
21.11.2014ж. 13:00
1005
Америка Құрама Штаттарында бұрқасын мен суықтың салдарынан 10 адам қайтыс болды

Америка Құрама Штаттарында бұрқасын мен суықтың салдарынан 10 адам қайтыс болды. Осы аптада АҚШ-тың солтүстік-шығысында түскен қалың қар салдарынан күре  жолдар жабылып, әлеуметтік қызметтер жұмысы тежелді. Сәйкесінше, кептелістер пайда болды. Буффалода қардың қалыңдығы 2 метрге дейін жетті. Тұрғындар баспаналары мен көліктерін қалың қардан аршып алуға мәжбүр. Төтенше жағдайлар қызметкерлері 5 мың тоннадай ақ ұлпаны қала сыртына шығарды.

Ал Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо 10 округ аймағында төтенше жағдай жариялады. Ұлттық футбол лигасы да ойын алаңдарын қар басқандықтан кездесулерін кейінге қалдырды. Ал синоптиктер алдағы күндері де қалың қар жауады деп болжайды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА


 

Алдыңғы жаңалық