Ауғанстанда
жойқын жарылыс болып, 50 шақты адам қаза тапты. Ал 60-қа жуығы
түрлі дене жарақаттарын алған. Қанды оқиға волейболдан өтіп жатқан турнир
кезінде болды. Террорлық актіні ұйымдастырған жанкешті жиналған жанкүйерлердің
арасына кіріп, өзін жарып жіберген. Биліктің айтуынша, көз жұмғандардың басым
бөлігі - қарапайым халық.
BBC News таратқан ақпаратқа сай,
Ауғанстан парламенті 12 мыңға жуық шетелдік әскерилердің елге кіруін қолдап,
дауыс берген. Осыдан бірер сағаттан соң жарылыстың жаңғырығы естілген. Белгілі
болғандай,
21 қараша күні АҚШ президенті Барак Обама құпия
бұйрыққа қол қойған. Бұйрыққа сәйкес америкалық әскерлер ұрыс алаңдарына
қатысуға құқылы.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ