Жамбыл
облысындағы Түймекент ауылының тұрғындары тәртіп сақшыларының жұмысына риза
емес. 8 мыңдай халқы бар ауылда мал ұрлығы тым жиілеп кеткен. «Жергілікті полицейлер ұрыларды табуға мүлде құлықсыз»,-
деп ашынады жергілікті халық. Тараптарды тындап қайтқан әріптесім Данияр
Әлімқұл тақырыпты сабақтайды.
Түймекенттегі
тірлік төрт түлікпен тығыз байланысты. Бар
күнкөрісі малға қараған ағайын, ұрыларға жем болдық деп опынады. Оларды тәртіп
сақшыларының өз ісіне немқұрайды қарауы да ашындырған.
Бердібек
Тұрсынов:
Менен
1 бұқа кетті. Көктемнен бері қарай 4 қой кетті. Мен оған арызданып жатқам жоқ.
Бұқаға арыздандым мен. Учасковыйға бір шалғанымда, мазалама
деді. Ұрыны ұстап алып кел деді. Мен ұрыны ұстайтын болсам, учасковыйдың бұл
ауылға не керегі бар?
Ақылбек
Оспанов:
Малшымыз
мініп жүрген ат жоғалды осы 2 ай бұрын. Айғыр. Содан осы жергілікті учасковыйға
беретін арызымызды бердік. Олар іздестіріп жатырмыз деп, әлі күнге айтуда.
Бірақ ешқандай нәтиже жоқ.
Бөгенбай
Битабаров шаруа қожалығын басқарып отыр.
Жуырда ғана көрші ауданнан асыл тұқымды 4 бірдей бұқа әкелген. Айтуынша,
әрқайсысы
200 мың теңге тұратын өгіздерінің біреуін қарақшылар қолды қылды.
Бөгенбай
Битабаров, қожалық төрағасы:
«Сыбаға» бағдарламасымен асыл
тұқымды бұқа алып едім, оның да біреуін ұрлап кетті. Диірменім бар
еді, сол диірменімді түгел тонап кетті. Одан кейін жеміс-жидек қоймамды өртеп
кетті. 7 миллион шығын ол жерде. Совет өкіметі кезінде
бес ауылға 1 учасковый болатын, сол кезде мұндай ұрлық болған емес. Мұндай тәртіпсіздік
болған емес. Ал қазір әр ауылда 2 учасковый,
бірақ ұрлық та, бәрі де боп жатыр. Ештеңе ашылып жатқан жоқ.
Жергілікті
учаскелік полицейлермен тілдеспек болып, Түймекентті тегіс шарладық. Алайда, тәптіпке жауаптылар ауылды қанша
айналсақ та,
таптырмады. Ал аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы өз қызметкерлеріне шаң
жуытпады. Мал ұрлығының жиілеуіне - жастардың жұмыссыздығы себеп дейді.
Ахатхан
Әбдезов, Байзақ аудандық ІІБ басшысы:
Бүгінгі күнге Түймекентте
ешқандай арыздар шықпаған. Істемейді деген жігіттер бар оның ішінде, олардың
аттестациялық комисияға жіберіп, шешім қабылдаймыз. Түймекентке келсек, капитан
Исақов өзінің қойған міндеттерімен жұмыс істеп жүр. Биыл 16 қылмыс
тіркеліп тұр. Ол 11 айдың ішінде. Ашылған пайызы 14 күн ішінде 5-і ашылды.
Қалғандары ашылмай тұр.
ІІБ
бастығы,
бұдан бөлек, аудандағы қылмыстық ахуалдың азайғанымен мақтанады. Мәселен, мұнда
былтыр 100 бас мал жоғалса, биыл тек 83 бас қана қолды болған. Ал былтыр
жасалған қылмыстар 13 пайызға ашылса, биыл 17 пайызға жоғарылапты. Ал
Түймекенттік тұрғындар статистикаға сенбейді. Ай сайын ауылдың 10-15 малы
қарақшылардың қанжығасында кетеді деп, айтқандарынан қайтпай отыр.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ