$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Франция президенті Франсуа Олланд «Мистраль» десант кемесін Ресейге беруді шегеруді ұйғарды

AstanaTV
26.11.2014ж. 10:00
989
Франция президенті Франсуа Олланд «Мистраль» десант кемесін Ресейге беруді шегеруді ұйғарды

Франция президенті Франсуа Олланд  Сан-Назерде жасалып  шығарылған «Мистраль» десант кемесін Ресейге жөнелтуді шегеру туралы шешім қабылдады. Бұл ақпарат Франция президентінің сайтында жарияланды. Елисей сарайы өкілдерінің сөзінше, бұған Украинадағы жағдай себеп болып отыр. Франция басшысы Украина шығысындағы жағдайды ескере отырып, Ресейге алғашқы «Мистарль»  кемесін әзірге жөнелтуге болмайтынын айтты.

Ал Ресей өз тарапынан Францияға ешқандай қарсылық білдірген жоқ. Қорғаныс министрінің орынбасары Юрий Борисовтың айтуынша, ресейліктер шешімнің қайта өзгерер сәтін күтуге дайын.

Еске сала кетейік, 2011 жылы құны 1,2 миллиард еуроны құрайтын «Мистраль» кемесін құрастыруға екі жақты келісімшарт жасалынған болатын. Ал ағымдағы жылдың 1 қарашасында кеме ресейлік тарапқа тапсырылуы тиіс-тін. Келісім бойынша, белгіленген уақытты 30 тәулікке шегеруге болады. Алайда, уақытынан асқан жағдайда айыппұл көлемі 3 млрд еуроны құрауы мүмкін.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ