$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Елбасының Ұлытау төріндегі сұхбаты негізінде жазылған жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

AstanaTV
27.11.2014ж. 20:00
2079
Елбасының Ұлытау төріндегі сұхбаты негізінде жазылған жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

«Ұлт ұясындағы ұлағат». Бүгін астанадағы академиялық кітапханада Елбасының Ұлытау төріндегі сұхбаты негізінде жазылған жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл «Егемен Қазақстан» газетінің кітапханасы сериясымен жарыққа шығып отырған жетінші кітап.

Ұлытаудағы ұлағатты әңгіме көпшілік көңіліндегі кейбір күпті жайлардың түйінін тарқатып, ертеңге деген ел сенімін нығайтты. Осы сұхбаттан соң, редакцияға оқырман хаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің осы орайда талдаулары лек-легімен шыға бастады. Осы уақыт аралығында бір кітапқа арқау болатын материал жиналған. Хронологиялық тәртіппен орналастырылған мақалалардың дерегі мол. Басылым сапасы жоғары. Мың данамен таралатын кітапты шығаруға Ұлытау аудандық әкімдігі демеушілік көрсеткен.

Сауытбек Абдрахманов, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы:

Кітаптың пайдасы көп болады деп ойлаймыз. Өйткені адамдар кітапханаға барып сарғайған тігінділерді түгендеп жүрмейді. Барлық мақалаларды үйінде тігіп отыратын адамдар да сирек. Сондықтан барлық мақаланың басын бір жерде қостық. Бұл идея өзін өзі ақтайды деп ойлаймын.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ