$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Мұнай бағасының төмендеуі «Роснефть» компаниясы басшылығын алаңдатпайды

AstanaTV
28.11.2014ж. 13:00
1152
Мұнай бағасының төмендеуі «Роснефть» компаниясы басшылығын алаңдатпайды

«Роснефть» мұнай бағасының баррелін 60 доллардан белгілемек. Бұл туралы компания басшысы Игорь Сечин австриялық Die Presse басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның сөзінше, баға төмендеген сайын, жағдай да нашарлай түседі. Ал мұның соңы мұнай нарығындағы күрделі өзгерістерге әкеліп соғуы мүмкін.

Сечиннің сөзінше, «Роснефть» компаниясы жағдайды реттеп тұруға қауқарлы болғанымен, қымбатқа түсетін кейбір жобаларды кейінге қалдыруға тура келеді. Мұнай бағасының арзандауына байланысты Ресейдегі мұнай өндіру көлемі тәулігіне 200-300 мың баррелге дейін қысқарады.

ОПЕК қара алтынды өндіруге берер квотасын қысқартқаннан кейін, мұнай бағасы 2010 жылдың қыркүйегінен бері 75 долларға дейін төмендеген болатын. Ал маусым айынан бастап Brent санатты мұнай түрі 30 пайызға дейін түсті. Ал рубль бұрын-соңды болмаған деңгейде төмендегеннен кейін, Ресей өз шығындарын қысқартып, қолда бар қорын мұқият пайдалануға кіріспек.

Еркін КАРИН