$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Алматыда «СКАТ» ұшағының апатына байланысты сот отырысы жалғасты

AstanaTV
20.01.2016ж. 20:00
1476
Алматыда «СКАТ» ұшағының апатына байланысты сот отырысы жалғасты

Алматыда 21 адамның өмірін қиған ұшақ апатына кінәлі деп айыпталған «СКАТ» әуе компаниясының ұшу қызметінің директоры өзіне тағылған айыпты мойындамады.  Бүгін атышулы іске қатысты сот отырысы жалғасты. Онда 300-ге жуық куәгерден жауап алынады. Атышулы сотқа 23 адам зардап шегуші ретінде қатысып отыр. Айыпталушының құқығын 2 қорғаушы қорғайды.

«СКАТ» әуе компаниясының ұшу қызметінің директоры Вячеслав Артеменко «ауа райының қолайсыздығына қарамастан, экипаж мүшелеріне ұшуға рұқсат берген» деп айыпталып отыр. Прокурорлардың айтуынша, авиакомпания ұшу жұмысы мен экипаж мүшелерінің демалысы ережелерінің бұзылуына жол берген. Егер айыбы дәлелденсе, 4 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. 


Еске сала кетейік, 2013 жылдың 29 қаңтарында Көкшетау қаласынан ұшып шыққан «CRJ-200» Алматы іргесіндегі Қызылту ауылының маңында құлаған еді. Ұшақта болған 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі оқиға орнында қаза тапты. 

Самат ҚАНАҒАТОВ