$498.51 €522.84 ₽4.81
×

ҚХКП жетекшісі кезбелерге айыппұл төлетуге қарсы

AstanaTV
11.12.2014ж. 10:00
1361
ҚХКП жетекшісі кезбелерге айыппұл төлетуге қарсы

Қайыршылар мен қаңғыбастарға айыппұл салмай, керісінше қамқорлық жасау керек. Мәжілістегі Қазақстан халықтық коммунистік партиясы фракциясының жетекшісі Владислав Косарев Премьер-министрге осындай өтінішін жолдады. Депутат еліміздің әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген қаңғыбастарға айыппұл салу туралы бастамаға қарсылық білдірді.

Кодекс 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Депутат билік тарапынан жұмыспен қамтуға, тұрмыстық мәселелерге баса назар аударылып жатқанына қарамастан, елімізде тұрғылықты мекені жоқ адамдар саны азаймай тұрғанын айтты. «Онсыз да тиын-тебен санап жүргендерден айыппұл жинау - не сұмдық?», - деп таңырқады депутат.

Владислав Косарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХКП фракциясының жетекшісі:

Біз Премьер-министр Мәсімовке қайыршылық, қаңғыбастық өмір салтын ұстанатын, әлеуметтік жағдайы төмен адамдар мәселесіне көңіл аударуды сұрап, өтініш хат жолдадық. Еліміз аталған әлеуметтік және моральдық-этикалық мәселемен күресуге қауқарлы. Осы шаруаны қолға алсақ, біздің қоғам мәдени тұрғыдан бұдан да жоғары деңгейге көтеріле алады. Ал өзі де күн көріс қамын ойлап, тиын-тебен санап жүргендерге айыппұл салу - теріс деп есептеймін.

Жұрағат БАМАН