$487.81 €527.62 ₽5.02
×

Ақтөбеде «бауырсақ мерекесі» өтті

AstanaTV
15.12.2014ж. 10:00
1996
Ақтөбеде «бауырсақ мерекесі» өтті

Демалыс күндері ақтөбелік аспазшылар тұрғындарға үлкен сый жасады. Қаладағы әлеуметтік базарда «бауырсақ күні» өтті. Аспазшылар ұлттық тағам әзірлеуден жарысқа түсті. 500 келіден астам бауырсақ көпшілікке тегін таратылды.

Биылғы жылдың соңғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі шеңберінде өткен шарада, сонымен қатар арзан бағамен көкөністер сатылды. Жергілікті биліктің қысқа даярлаған тұрақтандыру қорының тауарлары саудаға түсті. Базарға келген тұрғындар шаһар аспазшылары дайындаған бауырсақ пен бірге ұлттық тағамдарды да қазылар алқасына ұсынды. Бұл күні алып күлше мен түрлі қоспалары бар ас атасы да жиналғандардың таңдайын қақтырды. Үздіктері алғыс хат пен арнайы сыйлыққа қол жеткізді. Тұрғындар бауырсақ пісірудегі басты талаптардың қандай болатынына мән берді.

Роза Қошмағамбетова, аспазшы:

Ата-бабамыз бауырсақ тез бұзылмас үшін тоң майына пісірген екен. Сол тоң май ішінде бауырсақ жұмсақ болады да, сырты тоң маймен қапталады. Алыс жолға сапарға шыққанда бауырсағымыз қатып қалмас үшін сондай тоң майға пісірген.

Мансұр ЕСҚОЖИН