Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Америка мен Еуропа елдеріне визасыз сапарға қазақстандықтардың қолы жақын арада жете қоймайды

AstanaTV
26.12.2014ж. 20:00
1294
Америка мен Еуропа елдеріне визасыз сапарға қазақстандықтардың қолы жақын арада жете қоймайды

Америка мен Еуропа елдеріне визасыз сапарға қазақстандықтардың қолы жақын арада жете қоймайды. Бұл туралы бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов жылды қорытындылай келе мәлімдеді.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Америка мен Еуропа елдерінен екі жақты келісім негізінде жасалатын визасыз режимнен үміттенуге негіз жоқ. Америкамен ұзақ келіссөздер арқасында 5 жылдық рұқсатқа қол жеткіздік. Қазір Канада үкіметіне визалық тәртіпті жеңілдетуге қажетті құжаттарды жолдап жатырмыз. Себебі азаматтарымызға виза үшін Мәскеуге баруға тура келеді. Канада үкіметінен жағымды жаңалық күтудеміз.

Ал Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасын айта келе, министр: «Қос ұлтты түркі тегі байланыстырады, бірақ пантюркизм мәселесі бұқаралық ақпарат өкілдерінің алып-қашпа әңгімелері. Екі елдің қарым-қатынасы жыл санап арта түсуде, оған халықтардың мәдени-тарихи туыстығы үлкен септігін тигізуде», -  деді. Сондай-ақ министр, келер жылы елімізге Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның ресми сапары жоспарланғанын, хабарлады. Болашақ сапардың ұйымдастырылу барысын пысықтауға Ерлан Ыдырысов дүйсенбі күні Анкараға ұшуды жоспарлап отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ