$510.58 €571.8 ₽6.34
×

«Арселор Миттал Темиртау» кеншілері үкіметке хат жолдады

AstanaTV
25.01.2016ж. 20:00
1743
«Арселор Миттал Темиртау» кеншілері үкіметке хат жолдады

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының кеншілері Үкіметке хат жолдады. Олар, шахталардағы жұмысшылардың ұдайы қысқартуынан, жұмыс ауырлап кеткенін айтады. Бірақ кәсіпорын басшылығы, әлемдегі қаржылық қиындықтарға орай, жұмыскерлердің еңбек ақысын өсіруге келіспеген. Мұны Шахтинск қаласында өткен жиында «Қорғау» кеншілер кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Миргоязов айтты.

Марат Миргоязов, «Қорғау» кеншілер кәсіподақ ұйымының төрағасы:

Бұрын бір жерді 5 адам үңгіп, көмір қазатын болса, қазір ол жұмысты 2-3 кенші істейді. Бұл қауіпті әрі өте ауыр. Сөйте тұра, жалақыны көтермей қойған кәсіпорын басшылығына Үкімет тарапынан нақты шара қолданылуы тиіс.

Кәсіподақ ұйымдарының мәлімдеуінше, бүгінде Қарағанды шахталарына 700-ден астам көмір қазушы, түрлі құрылғыларды жөндеушілер мен жер астын үңгуші-кеншілер жетіспейді. Есесіне айлық, жылдық жоспарлар, яғни өндіріс көлемі күн санап ұлғайып келе жатқанын алға тартты. Алайда, кеншілердің орташа еңбек ақысы 190 мың теңге шамасында қалып отыр, деді.

Айжан ҚУАШ