$474.72 €515.17 ₽5.58
×

«Brent» маркалы мұнай бағасы 55 долларға дейін құлдырады

AstanaTV
05.01.2015ж. 20:00
1348
«Brent» маркалы мұнай бағасы 55 долларға дейін құлдырады

«Brent» маркалы мұнай бағасы 2009 жылдан бергі жаңа, төменгі деңгейге түсті. Сөйтіп 55 долларға дейін құлдырады. Ал «WTI» маркасындағы мұнай бағамы баррелі үшін 51 долларға дейін төмендейді деген болжам бар. Ресейлік басылымдар, қаржы министрлігіндегі дереккөзіне сүйеніп, осы айда қара алтын құны 40 долларға дейін төмендейтіні туралы жазды.

«Argus» халықаралық бағалау агенттігінің вице-президенті Вячеслав Мищенко бұл жағдайды нарықтың толуымен түсіндіреді. Оның айтуынша, ұсыныс сұраныстан артық. Жағдайға сауд арабиялықтардың мұнай өндірісін азайтпай отырғаны да себеп. Айта кетерлігі, Қазақстан бюджетін құруда мұнай баррелі бағасының 80 доллар көрсеткіші есепке алынған. Алайда Ұлттық экономика министрінің орынбасары Мадина Әбілқасымова бұған дейін айтқандай, Үкімет мұнай баррелін 40 долларлық межемен де есептеп, бюджет жоспарын дайындап қойған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ