$525.87 €614.37 ₽6.72
×

ШҚО-да адамдар мінген паром мұз құрсауында қалды

AstanaTV
25.01.2016ж. 20:00
1552
ШҚО-да адамдар мінген паром мұз құрсауында қалды

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында 40 адам мінген паром мұз құрсауынан құтқарылды. 17 жеңіл автокөлік тиеген су көлігінің, жағадан 700 метрге ұзаған соң, бір қозғалтқышы істен шыққан. Құтқарушылар әйелдер мен балаларды, қарттарды паромнан мұзға түсіріп, арнайы техниканың көмегімен қауіпсіз жерге жеткізді. Ал кейбір жолаушылар құтқарушылар көмегінен бас тартқан.

Анастасия Скляр, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

Сегіз адам қар шанасымен эвакуацияланды. Тағы 20 адамға мұздың үстімен 700 метрдей жүріп жағаға жетті. Ал 12 азамат көліктерін тастап кетуден қорқып, эвакуациядан бас тартты. Жалпы, адамдарды құтқару жұмыстары сәтті жүргізілді.

Бірнеше сағаттан кейін істен шыққан қозғалтқыш жөнделіп, паром жағаға жетті. Қазір төтенше жағдайға не себеп болғаны анықталып жатыр. Қазір Бұқтырмада паром қозғалысы тоқтатылды. Мұздың қалыңдығы 15 сантиметрге жеткенде ғана, автокөліктерге мұз үстімен жүруге рұқсат беріледі. Ал қазіргі қалыңдық 5 сантиметрден аспайды.

Әсет Сұлтанов, «ШҚО жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы» ММ басшысының орынбасары:

Оқыс жағдайларға жол бермеу үшін, ІІД қызметкерлерінен кезекшілік жасақ құрылды. Жағдай толық бақылауға алынды. Ал сынған паромға қатысты арнайы акт толтырылып, жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Еркін КАРИН