$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Павлодар облыстық сайлау комиссиясы алдағы науқанға дайындық жұмыстарын бастап кетті

AstanaTV
25.01.2016ж. 20:00
1418
Павлодар облыстық сайлау комиссиясы алдағы науқанға дайындық жұмыстарын бастап кетті

Өңірлердегі сайлау комиссиялары алдағы саяси науқанға әзірлік шараларын бастап кетті. Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясында түсіндіру жұмыстары қолға алынған. Келушілерге қажетті құжаттар тізімі мен кандидаттарды тіркеу тәртібі егжей-тегжей баяндалуда. Мұнда арнайы кезекшілік ұйымдастырылған. Сондай-ақ, күнтізбелік жоспар қабылданған.

Осы айдың 27-сіне дейін сайлау учаскелері бекітіледі. Ал, қаңтардың 30-да сайлау учаскелік комиссиясының толық құрамы анықталмақ. Айта кетейік, аймақтарда мәслихат депутаттатығына үміткерлерді ұсыну 20 қаңтарда басталды.

Вера Ерашова, Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

25 қаңтардағы жағдайға келсек, сайлау комиссиясына кандидаттар туралы ақпарат түскен жоқ. Яғни әзірге үміткерлер жоқ. Бірақ бірер күнде жағдай өзгерер. Қазіргі уақытта кеңес беру жұмыстары қарқын алған. Мәселен, үміткер болу үшін не керек, қандай талаптар, қандай құжаттар жинау қажет екенін сұрайтындар көп. Оларға әр сұрақ бойынша түсініктеме жүргізіп жатырмыз. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ