$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Құтқару қызметі тұрғындардың суға түсерде сақ болуын ескертеді

AstanaTV
16.01.2015ж. 13:00
3426
Құтқару қызметі тұрғындардың суға түсерде сақ болуын ескертеді

«Христиандардың шоқыну» рәсімі жақындап келеді. Осыған орай, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты суда құтқару қызметі тұрғындардың суға түсерде сақ болуын ескертеді. Салқын суға түсу, адам ағзасына пайдалы болғанымен, денсаулығы нашар жандар үшін аса қауіпті.

Орташа температураның күрт өзгеруі салдарынан адамның тынысы тарылып, жүрегі тоқтап қалуы мүмкін. Талып қалуы да ғажап емес. Ал, мұндай жағдайда 3-4 минуттың ішінде құтқару шаралары  жасалмаса, адам бірден көз жұмады.

Сондықтан, астаналық құтқарушылар азаматтарға тек белгіленген, арнайы құрылғылармен жабдықталған жерлерде ғана суға түсуге кеңес береді. Рәсімге орай, қалада арнайы су ойықтары жасалған.

Суда құтқару қызметі қаңтардың 18-і мен 20-сы аралығында күшейтілген режимде жұмыс істейді. Арнайы жедел көлік, мейірбикелер мен құтқарушы-сүңгуірлер екі ауысыммен қызмет етеді. Және шомылу орындарында нұсқаулықтар жүргізіледі.

Есбол Оспанов, Астана қаласы ТЖД құтқару қызметі № 2 станция басшысы:

Суға түсерде терең дем алып, суға түсіп, шығар кезде орамалмен біреудің қарсы алғаны дұрыс болар. Балаларға, алғаш рет келіп тұрған адамдарға, сосын ішіп келген адамдарға түспеген дұрыс болар.

Т. АМАНАЛИЕВА