«Қазгидромет» жақын күндері
елдің біраз бөлігінде күн райы бұзылып, үскірік аяз болатынын хабарлайды.
Қаңтардың 26-сы мен 28-і аралығында.
Ресейден ауысатын суық ауа циклоны
әсерінен солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде сынап бағанасы 30 градустан
төмендеп, қатты аяз болады деп күтілуде. Сондай-ақ қалың қар түсіп, секундына 25
метрге дейін жел тұрады деп болжанып отыр. Ал оңтүстікте Каспийден жеткен
циклон әсерінен жауын-шашын болады. Ауа температурасы +2 ден -12 градусқа
дейін төмендейді. Түнде көктайғақ болып, тұман түседі және қатты жел тұруы
ықтимал.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ