Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ресей рублінің құлдырауы тоғыз мемлекеттің экономикасына әсер етуде

AstanaTV
19.01.2015ж. 20:00
818
Ресей рублінің құлдырауы тоғыз мемлекеттің экономикасына әсер етуде

Ресей рублінің құлдырауы тоғыз бірдей мемлекеттің экономикасына қатер төндіріп отыр. Британдық The Guardian басылымы осы тақырыпта мақала жариялады. Онда келтірілген дерекке сүйенсек, 2015 жылы бұрынғы Кеңес одағына мүше елдердің бірқатары 10 миллиард долларға дейін шығын көреді. Өйткені Армения, Грузия, Украина, Өзбекстан сияқты мемлекеттер Ресеймен арадағы қаражат аударымдарына тәуелді.

Дүниежүзілік банктің келтірген дерегіне қарағанда, Арменияның Ресеймен арадағы қаржылай аударым жүйесіне тәуелділігі 21% құрап отыр. Сол сияқты Грузия экономикасының Ресейге тәуелділігі 12%-ды құраған, Ал Қырғызстанның тәуелділігі 31,5%, Молдова - 25%, Тәжікстан - 42%, Украина - 5,5%, Литва - 4,5%, Әзірбайжан - 2,5%, ал Өзбекстан - 12% жетсе керек. 

Еске салсақ, Ресей ұлттық валютасының девальвациясы өткен жылдың желтоқсанынан бастап байқала бастады. Екі күн ішінде рубль 17% құлдырап кетті.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА