$474.26 €514.48 ₽5.43
×

«Қызылордажылуэнергоорталығы» мекемесі тарифті 3,6 пайызға төмендетті

AstanaTV
22.01.2015ж. 10:00
920
«Қызылордажылуэнергоорталығы» мекемесі тарифті 3,6 пайызға төмендетті

Қызылордада жылу энергиясының құны арзандады. Осы жылдың қаңтарынан бастап қызылордалықтар жылу үшін бұрынғы бағамен салыстырғанда үш теңгеге кем төлейді. Бұл туралы арнайы брифингте облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев хабарлады.

«Қызылордажылуэнергоорталығы» мекемесі тарифті 3,6 пайызға төмендеткен. Нәтижесінде қала тұрғындары енді бір шаршы метр жылу үшін 82 теңге 3 тиын төлейді. Бұған дейін жылу энергиясы тарифі  78 теңге 8 тиын болып келген еді.

Алайда, өткен жылдың мамыр айынан бастап - 85 теңге 1 тиынға өскен болатын. Шенеуніктер енді бұл баға биылғы жылыту маусымында сақталады дейді.

Нұржан Әлібаев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:

Бұл инвестициялық міндеттердің тарифтік сметасын тексерудің нәтижесі. 1-ші қаңтардан бастап өтемақылық тариф енгізілді.

Шарипа САҚТАПОВА