$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Венесуэла президенті Николас Мадуро мұнай баррелі енді ешқашан да 100 доллар болмайтынын айтуда

AstanaTV
22.01.2015ж. 13:00
1063
Венесуэла президенті Николас Мадуро мұнай баррелі енді ешқашан да 100 доллар болмайтынын айтуда

Венесуэла президенті Николас Мадуро мұнай баррелі енді ешқашан да 100 доллар болмайды дейді. Осындай ойын ол ел парламентіне барғанда айтты. Десе де, Мадуро Венесуэла бюджеті шығын көрмейді деп сендірді.

Бұл ақпаратты Рейтерс агенттігі таратты. Еске салсақ, Венесуэла бюджетінің 95 % мұнай экспортына тәуелді. 2013 жылдың қортындысы бойынша, елдің мұнай қоры 300 миллиард баррелді құраған.

2014 жылдың жазынан бастап, мұнай бағасы 50 пайызға құлдырағаны мәлім. Алайда, қара алтынның бағасы 50 доллардан төмен түссе де, ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндірісін қысқартпақ емес.

Николас Мадуро, Венесуэла президенті:

Мұнай бағасы енді қайтадан 100 доллар деңгейіне көтерілмейді. Бұл жыл тәуекел жылы болмақ. Біз мемлекеттік бюджетті мұнай құнының бір баррелін 60 долларға шақтап есептедік. Алайда, бүгінде бір баррелі бар болғаны 40 доллар. Десе де бағалар өзгереді. Біз бұл тығырықтан аман шығамыз деген үміттемін.

Ләззат ҚАЛИАҚПАРОВА