$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Халықаралық ұйымдар Мәжіліс пен мәслихат сайлауына байқаушылар жіберетінін хабарлады

AstanaTV
27.01.2016ж. 20:00
1426
Халықаралық ұйымдар Мәжіліс пен мәслихат сайлауына байқаушылар жіберетінін хабарлады

Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропа кеңесінің парламентік ассамблеясы және түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына байқаушылар жіберетінін хабарлады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова сайлауға дайындық барысына арналған кеңесте айтты. Оның сөзінше, бүгінге дейін 98 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Сыртқы істер министрлігінде акредиттеуден өткен.

Елбасы мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойғалы бір апта уақыт өтті. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері осы аралықта қандай шаруалар тындырылғанын бір пысықтап алды. Аймақтарда нендей шаруалар атқарылғаны жөнінде есептер тыңдалды. Қазірдің өзінде көрнекі билбордтарды орнату ісі аяқталуға жақын. "Алдағы 2-3 күнде республика бойынша толық іліп боламыз", - деп хабарлады комиссия мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Көрнекі ақпарат ретінде 757 билбордты орналастыру жөнінде өзіңіздің шешіміңіз шыққан болатын. Оның бірінші кезеңін Астана мен Алматы, сонымен қатар облыс орталықтарында орналастырып болып қалдық. Бұл мәлімет сайлаушыларға сайлаудың қай күні болатыны жөнінде және «Сайлауда өз таңдауыңды жаса!» деген ұранмен дайындап отырмыз. Бұл жұмыстар да жалғастырылатын болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ