Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстанда сайлауды байқаушыларға еріктілер тартылып жатыр

AstanaTV
15.02.2016ж. 20:00
1326
Қазақстанда сайлауды байқаушыларға еріктілер тартылып жатыр

Алдағы сайлаудың өтуін қоғам өкілдері де бақылайтын болады. Ұстаздар, студенттер, дәрігерлер, құрылысшылар, аграрилер арасынан да еріктілерді жасақтау басталып кетті. Қызылорда облысында еріктінің 350-і байқаушы ретінде қатыспақ. Олардың барлығы арнайы оқытудан өтуге міндетті. Бұл туралы бүгін сайлауды бақылау жөніндегі республикалық комиссияның облыстық филиалының жетекшісі айтты. Байқаушылардың саяси сауаттылығын  арттыру үшін, арнайы семинар-тренингтер өткізілмек. Оларға саяси науқанның өту барысын ғана бақылап қоймай, сайлау комиссиясы мүшелеріне қолдан келгенше көмек көрсетуге міндеттелмек. 

Мақсұт Досжанов, сайлауды бақылау жөніндегі республикалық комиссияның облыстық филиал  жетекшісі:

Олардың барлықтарына біз толығынан материал беріп, мынау құқықтық-демократиялық, сайлау туралы заң, конституциялық заң туралы, өздерінің міндеттері мен функцияларын біз толығынан мәлімет беріп, сол тренингтен өткізіп болып барып, учаскелерге бөлетін боламыз.

Облыстық сайлау комиссиясы дерегінше, қазір аймақ бойынша 476 үміткер облыстағы маслихат депутаттығына тіркелген. Ал республика бойынша мәслихат депутаты атануға 9 925 адам ниет білдірген. Оның 3 176-сы тіркеуден өтті. 

Шарипа САҚТАПОВА