Астаналық
студент Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысы бар болуы мүмкін тағы үш адам
ұсталды. Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты оларды қамауға алу туралы
санкция берді. Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Андрей Тихоненко,
Виталий Шерстенёв пен Нұрбек Әжімбайға алдын ала сөз байласып, топтасып адам
өлтірді деген айып тағылған. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, осы іске қатысы бар
болуы мүмкін Аян Мейрбаев есімді азамат тұтқындалған.
Еске салсақ, Медицина университетінің 6 курс студенті
Ерасыл Әубәкіров 3 ақпан күні жоғалып кеткен. 10 ақпан күні жігіттің мәйіті
табылды. Сот-медициналық сараптама анықтағандай, Ерасылды әбден азаптап
өлтірген.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА