Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Әлем аруы – 2014» байқауының жүлдесі Колумбия аруының қанжығасында кетті

AstanaTV
27.01.2015ж. 10:00
844
«Әлем аруы – 2014» байқауының жүлдесі Колумбия аруының қанжығасында кетті

Флорида штаты Майами қаласында «Әлем аруы – 2014» байқауының жеңімпазы анықталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурста һас сұлулардың көптігі сонша, оларды бірден анықтау қиынға соққан.

Дегенмен, Колумбиялық бойжеткен Паулина Веганың бағы жанып, ол былтырғы жылдың жеңімпазы болған Габриэл Айлердің қолынан 300 мың АҚШ долларын алды. Жер шарының сұлулары жиналған байқауда қазылар алқасын селт еткізген колумбиялық Паулина Вега 22 жаста.

Ол ағылшын және испан тілінде еркін сөйлейді. Әрі көп балалы отбасында тәрбиеленген. Бәсекеден кейін, ақпарат құралдарына берген сұхбатында «енді сұлулық сайыстарына қатыспайтынын» жария етті.

Оның себебін оқуына оралғысы келетінімен түсіндірді. Қазір ол менеджмент мамандығы бойынша білім алады.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ