Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атырау облысында көз жұмған жұмысшы менингит дертіне шалдыққан

AstanaTV
29.01.2015ж. 10:00
882
Атырау облысында көз жұмған жұмысшы менингит дертіне шалдыққан

Атырау облысы Теңіз кен орнындағы «Имстальком» компаниясының жұмысшылары менингитпен ауырған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті хабарлады.

Біз дүйсенбі күні аталған мекеменің 3 жұмысшысы ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік. Біреуі қайтыс болды. Тұтынушылар құқығын қорқау комитеті марқұмнның менингиттік инфекциядан көз жұмғанын растады.

Эпидемиологиялық тексеріс жұмыстарының нәтижесінде, науқастардың Шығыс Қазақстан облысынан келгендігі белгілі болған. Дерті асқынып кеткесін, жедел жәрдем шақыртуға тура келіпті. «Қазір ауруханадағы 2 жұмысшының жағдайы қалыпты»,-дейді аталған комитет өкілі.

Ал науқастармен қарым-қатынаста болған басқа жұмысшылар әзір дәрігерлердің жіті бақылауында екенін айтты.

Абзал ҚҰРМАНКИН