Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағандыда оқушы қыз басқарған «Лексустың» иесі жазаланатын болды

AstanaTV
30.01.2015ж. 20:00
956
Қарағандыда оқушы қыз басқарған «Лексустың» иесі жазаланатын болды

Қарағандыда оқушы қыз басқарған Лексустың иесі жазаланатын болды. Облыстық ішкі істер департаменті темір тұлпардың қожайынын анықтаған. «Ол енді әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді полицейлер. Көліктегі бейнетіркегішке жазылып қалған мына көріністе мектеп сөмкесін асынған жасөспірім көлікті өзі жүргізеді. Бейнежазбада жүргізушінің орнында оқушының отырғаны анық көрінген. Алдыңғы жолаушы орындығына сәбиін құшақтаған әйел жайғасқан.

Құқық қорғаушылар «Лексус»  теміртаулық азаматтың меншігінде екенін анықтады. Оның көлік кілтін неліктен балаға бергені әзірге белгісіз. Бір анығы, жүргізуші куәлігі жоқ кәмелеттік жасқа толмаған балаға көлік тізгінін бергені үшін, ол азаматқа ірі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. 

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Көліктің иесі анықталды. Енді ол заң негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Айжан ҚУАШ