Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Астана Арланс» «Баку оттары» командасын жеңді

AstanaTV
02.02.2015ж. 10:00
843
 «Астана Арланс» «Баку оттары» командасын жеңді

«Астана Арланс» кәсіпқой клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясындағы кездесуде Әзірбайжанның «Баку оттары» командасын жеңді. Бұл жөнінде Vesti.kz спорт порталы хабарлады.

31 қаңтарда Әзірбайжанның Губа қаласында өткен кездесуде қазақстандықтар бес жекпе-жектің үшеуінде жеңіске жетті. Жалпы есеп - 3:2. Клуб құрамындағы 49 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Теміртас Жүсіпов, 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Василий Левит пен 75 келідегі Мейірім Нұрсұлтановтар қарсыласын шаң қаптырды.

Бұл – «Астана Арланстың» WSB-тің осы маусымындағы үшінші жеңісі. Бұған дейін клуб «Поляк гусарлары»  мен «Касикес Венесуэла»  командаларын жеңген еді. Енді Қазақстан кәсіпқой бокс клубы 8 ақпанда «Америка нокаутерлеріне» қарсы кездеседі.

Баразкүл ОТЫНШИЕВА 

Алдыңғы жаңалық