Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Обама шетелде табыс табатын америкалық компанияларға салық салуды ұсынды

AstanaTV
03.02.2015ж. 10:00
855
 Обама шетелде табыс табатын америкалық компанияларға салық салуды ұсынды

АҚШ Президенті Барак Обама Конгреске шет елде табыс табатын америкалық компанияларға екі түрлі салық салуды ұсынбақ. Бұл туралы The Wall Street Journal жазады. Президент компаниялардың сырт елде тапқан табысының 14 пайызын алуды құптайды.

Осылайша бюджетке 2 триллион доллар қосымша қаржы түсетінін болжайды. Америкалық компаниялардың қай қайсысы да, салық төлеуге міндеттелмек. Тек табысын Құрама Штаттар экономикасына инвестицияласа ғана салықтан босатылады.

Ал Bloomberg агенттігі штаттарда орналасқан корпорациялардың шет елде тапқан табысының 19 пайызын аударатыны туралы жазады. Дегенмен, сыншылар Обама бұл бастаманы соңына дейін жеткізеріне күмәнмен қарайды. Әсіресе,конгресте республикашылдардың басым екендігін алға тартады.

Мөлдір ДЮСЕКИНА