Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Венесуэла президенті Николас Мадура Барак Обамаға үшбу хат жолдады

AstanaTV
03.02.2015ж. 13:00
1394
Венесуэла президенті Николас Мадура Барак Обамаға үшбу хат жолдады

Венесуэла президенті Николас Мадура Барак Обамаға үшбу хат жолдады. Онда Құрама штаттардың Латын Америкасы елдеріне қатысты саясатын сынға алған. Мадура Вашингтонның қосымша санкция енгізу туралы шешіміне қарсы.

Бұл туралы Noticias24 хабарлайды. Хатта:«Обама Венесуеламен арадағы қарым-қатынасқа бей жай қарайды. Бар жұмысты басқаларға артып қойған. Мұның соңы АҚШ пен Латын Америкасы арасын тығырыққа тірейді».- делінген.

Хат мазмұны бұрмаланып кетпес үшін, ағылшынша жазылған көрінеді. 2- ақпанда Вашингтон АҚШ ға келуге тиым салынған венесуелалықтардың тізімін көбейтті. Басым бөлігі елде адам құқын бұзуға жол берген шенеуніктер делінген.

Ал бұл уақытта Венесуелада жағдай ушығып тұр. Николос Мадура елдегі ірі дүкендердің қожайындарын тұтқындап жатыр. Оларға қалың кезекті қолда жасаған, касса қызметкерлерін қысқартып, елді дүрліктірген деген айыптар тағылып жатыр.

Президент бизнес элита да үкіметке қарсы деп мәлімдеді. Экономикасы тұтастай мұнайға тәуелді Венсуелада ішкі жалпы өнім 2,3 пайызға қысқарып, инфляция 63,6 пайызға жетті. Елде күнделікті тұтыну тауралары мен азық-түліктің өзі қат. Дүкендер алды ұзын-сонар кезек.

Мөлдір ДЮСЕКИНА