Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Бердібек Сапарбаевтың Қостанайға сапары аясында құны 2 миллиардқа жуық теңгені құрайтын 15 меморандум бекітілді

AstanaTV
03.02.2015ж. 20:00
780
Бердібек Сапарбаевтың Қостанайға сапары аясында  құны 2 миллиардқа жуық теңгені құрайтын 15 меморандум бекітілді

Ал Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Қостанайға жасаған сапарында «Жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау және өндірістегі отандық өнімнің үлесін арттыру» мәселесі талқыға түсті.

Вице-премьер аймақтағы ірі кәсіпорын басшыларымен кездесіп, алқалы кеңес өткізді. Жергілікті кәсіпорын басшылары мен кәсіподақ кеңесінің өкілдері өзара нтымақтастық жайында келісім жасасты.  Бұл құжат еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты және жұмыс орындарын сақтап қалуды көздейді. Бердібек Сапарбаевтың аймақтағы сапары аясында  құны 2 миллиардқа жуық  теңгені құрайтын 15  меморандум бекітілді. Бұдан былай облыс әкімдігі, отандық тауар өндірушілер және ұлттық компаниялар бірлесе отырып, кәсіпкерлікті қолдауға жұмылдырылмақ. Жұмыс берушілер мен кәсіподақтар азаматтардың жұмысқа орналасуын, еңбек құқықтарының сақталуын қадағалайды.

Бердібек Сапарбаев , ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Ең негізгісі - қазір жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер бірлесіп жұмыс жасауы керек. Тиісті шараларды қолдану керек. Негізгі мақсат - жаңағы айтылған халықты жұмыспен қамтамасыз етуіміз керек. Бұл тұрғыдан Үкімет тиісті шаралар қолданып жатыр.

Сонымен қатар алқалы жиында облыстағы бірнеше кәсіпорынның  жұмысшылар алдында жалақыдан қарызы бары айтылды. Олардың берешек сомасы 55 миллион теңгені құрайды. Бердібек Сапарбаев облыс әкіміне бұл мәселені тез арада шешуді тапсырды.

Заңғар САНАЙ