Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Өскемендік прокурорлар «Земстрой» кәсіпорнының еңбеккерлерге берешек болып қалу себебін анықтады

AstanaTV
04.02.2015ж. 20:00
1089
Өскемендік прокурорлар «Земстрой» кәсіпорнының еңбеккерлерге берешек болып қалу себебін анықтады

Өскемендік прокурорлар «Земстрой» кәсіпорнының еңбеккерлерге неліктен берешек болып қалғанын анықтады. Еске салсақ, өткен жылдың соңында аталған құрылыс компаниясының 200-ге жуық жұмысшысы, басшылықпен арада орын алған қаржылық мәселені шешіп беру үшін, құзырлы органға жүгінген. Кәсіпорынның жұмысшылары тиісті еңбекақысын 4 айға жуық сарыла күтті.

Белгілі болғандай, компанияның қызметкерлер алдындағы қарызы 50 млн теңгеден асып кеткен. Күнде «ертеңмен» бос уәде беріп келген басшылықтың қылығынан  әбден мезі болған бұқара прокуратураға шағым жазды. Осыған орай жүргізілген тексерудің қорытындысы бүгін жарияланды. Анықталғандай, жағдайдың ушығуына жергілікті биліктің де кінәсы бар көрінеді. Құрылыс жұмыстарына тиесілі қаражат облыстық бюджеттен дер кезінде аударылмаған.

Нұрлан Бижанов, ШҚО прокурорының орынбасары:

«Земстрой» компаниясына жергілікті бюджет қарыз болып қалған. Бұл қаражат ақпанда, ең арысы наурызда түсуі тиіс. Жұмысшылар алдындағы қарыз жабылады. Қазіргі таңда берешек соманың 18 млн теңгесі төленді.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ 

Алдыңғы жаңалық