Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Оралда автокөліктерге мемлекеттік нөмір беру ісі уақытша тоқтатылды

AstanaTV
04.02.2015ж. 13:00
1237
Оралда автокөліктерге мемлекеттік нөмір беру ісі уақытша тоқтатылды

Оралдық жүргізушілер көлікке тағатын нөмір таппай жүр. Автокөліктерге мемлекеттік нөмір беру ісі уақытша тоқтатылған. Бұған Батыс Қазақстан облысы бойынша көлік құралдарына берілер арнайы мемлекеттік белгілердің таусылғаны себеп.

Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастағалы бері өңірге шеттен тасымалданған көліктердің қатары күрт көбейген. Ресей рублі құнсызданғандықтан көрші елден арзан көлік тасушылардың қарасы қалың.

Тек Батыс Қазақстанның өзінде сырт елден тасымалданған автотранспорт саны өткен жылдың соңғы екі айында 1 300-ге жетті. Ал қаңтарда Ресейден 500-дей көлік жеткізілген. Батыс Қазақстан облыстық әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Жанболат Жаншин жаңа мемлекеттік нөмірлерге тапсырыс берілгенін айтады.

Тек ауа райының қолайсыздығынан мемлекеттік нөмір тиелген жүк көлігі Қызылорда облысы аумағында қарға батып қалған көрінеді. «Оған тиісті көмек көрсетілді, кешкісін Оралға жетеді»,- деп сендірген полицейлер, енді 3 мыңға тарта ірілі-ұсақты автокөлікті таңбалауға құлшынып отыр.

Жанболат Жаншин, БҚО ІІД ӘПБ бөлім басшысы:

Бізге уақытша кірген автокөліктердің бәрі тіркеуден шешіліп, қазір Россия мемлекетінің бәрі бізге келіп жатыр. Сондықтан да, бізде халықтың мемлекеттік нөмір алулары өте көп болып жатыр. Бірақ құжаттардың бәрін қабылдап жатырмыз, ол жағынан ешқандай кедергі жоқ халыққа. Бүгін Алла қосса, кешке мемлекеттік нөмірлерін береміз уже.

Еркін КАРИН