Ресей
Башар Асад режимін қолдаудан бас тартса, Сауд Арабиясы мұнай өндірісін
қысқартады. Ресми Эр-Рияд Мәскеуге осындай талап қойып отыр деп, америкалық
және сауд арабиялық шенеуніктерге сілтеме жасап, The New York Times хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, екі тарап дәл осы сұрақты бірнеше рет көтеріп, сөз
қылған. Алайда, әлі нақты бір қорытынды жоқ. Белгілі болғандай Сауд Арабия тарапы
америкалық әріптестеріне «Ресейге
қысым көрсете алатындарын»
мәлімдеген.
Соның салдарынан, қара алтынның әлемдік нарықтағы бағасы өсер еді
деген ойда. Алайда, ел билігі мұнай өндірісі мен Сирия түйіткілдерінің арасында
қандай байланыс барын нақтыламаса керек.
Айта өтейік, 2014 жылдың жаз
мезгілінен бастап мұнайдың құны күрт құлдырап, барреліне 110-нан 50 долларға
дейін түсті. Бар гәп, мұнай өндірісінің қарқынында, дейді сарапшылар. Десе де,
Эр-Риядтың өндірісті қысқартқысы жоқ. Елде күніне 30 миллион баррелдей мұнай
өндірілуде.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА