Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президент Астана әкімін қабылдады

AstanaTV
05.02.2015ж. 20:00
962
Президент Астана әкімін қабылдады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековты қабылдады. «Кездесуде Астана әкімі Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады», - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент алдағы уақытта өтетін мәдени шараларға дайындықты алдын ала пысықтауды тапсырды. Оның ішінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығын, Наурыз мейрамын және Бірлік күнін атады. Президент «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуына тоқталды. Оның аясында Астанада тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жаңғыртылып, инфрақұрылымды дамыту көзделген. Сондай-ақ, бас қаланың инвестиция тартымдылығын арттыруды, шағын және орта бизнесті қолдауға көңіл бөліп, адам капиталын дамытуға мән беру керектігін атап өтті және ЭКСПО көрмесіне даярлықты пысықтауды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

2015 жыл, 2017 жыл деген тез өтеді. Екі-ақ жыл қалды, оған волонтерлер дайындау керек. Логотиптер дайындау керек. Қонақ үйлерді қарап шығу керек. Қаланың іші бәрі дұрыс деп санаймын. Қысты дұрыс өткізіп жатырсыңдар, солай ғой. Осы мәселелерді қалай шешу керектігін ақылдасайық.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ