Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Француздық саясаткер АҚШ-қа қарсы позиция ұстануда

AstanaTV
09.02.2015ж. 10:00
1102
Француздық саясаткер АҚШ-қа қарсы позиция ұстануда

Француз Ұлттық «Майдан партиясының» көшбасшысы Марин Ле Пен еуропалық шенділердің саясатын сынға алды. Мәселе Украина дағдарысына қатысты.

«Сіздер Вашингтонның айтқанынан шықпай отырсыздар! Ал оның көксегені Еуропада соғыс ашу»,- деп жазады ол өзінің Twitter-дегі блогында.

Ал Украинаға қатысты Ле Пен:«Американдықтардың құлы секілдіміз. Еуропа елдеріне кемеңгерлік жетіспейді. АҚШ-тың ұстанымына тәуелдіміз»,- дегенді жазған. Сондай-ақ, саясаткер украиналық әріптестері елдегі қалыптасқан жағдайды айтпай отыр деген ойда.

Марин Ле Пен америкалықтардың басты мақсаты - НАТО-ны Ресей шекарасына жақындатып, Еуропада соғыс бастау деген пікірде. Мұның алдын алу үшін Украинадағы қақтығыстарды тоқтату керек дейді.

Ләйлә ҚАЛИАҚПАРОВА