Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Тереңөзек кентіндегі кәсіптік-техникалық колледждің бес қабатты жатақханасы елдің игілігіне жарайтын болды

AstanaTV
09.02.2015ж. 10:00
1668
Тереңөзек кентіндегі кәсіптік-техникалық колледждің бес қабатты жатақханасы елдің игілігіне жарайтын болды

Қызылорда облысы Тереңөзек кентіндегі кәсіптік-техникалық колледждің бес қабатты жатақханасы елдің игілігіне жарайтын болды. 1994 жылдан бері пайдаланылмай тұрған нысан жаңғырту жұмыстарынан соң үш қабатты тұрғын үйге айналды.

Әбден тозығы жеткен ғимаратты қайта жандандыру жайын Сырдария ауданының әкімдігі көтеріп, оны облыс басшылығы құптаған. Бұрынғы жатақхананың жағдайын жан-жақты тексеріп, техникалық сараптамасы дайын болған соң, облыстық бюджеттен 213 миллион теңге бөлінді.

Өткен жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстары басталды. Үстіңгі екі қабат алынып тасталып, өзге үш қабатта пәтерлер мен бөлмелер салынды. Қазір таңда жаңа үйге 30 отбасы қоныстанған.

Олар - жетімдер, көп балалы отбасылар мен кезекте тұрған жандар. Ал үйдің бір бөлігі 68 орындық жатақхана, мұнда колледж оқушылары қоныстанады.

Ұлмекен Жаналиева, зейнеткер:

Мұндай жағдай, шынын айтқанда, қалада жоқ. Өзіміздің мынау Теренөзек кентінде бірінші үй деп айтуға болады. Барлық жағдайы жасалған. Себебі, барлық мынау кірген 30 үйдің барлығында ыстық су бар.

Асылбек Әбуов, Сырдария аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

Алдағы уақытта бізде 18  пәтерлік бір тұрғын үй, сосын 24 пәтерлік бір үй Тереңөзекте жаңа мөлтек аудан ашылып жатыр, сол жерге жоспарланды салынуға. Қазір тиісті құжаттар Облыстық құрылыс басқармасы арқылы Өңірлік даму министрлігіне өткізілді.

Шәрипа САҚТАПОВА