Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ирак әскері «Ислам мемлекеті» радикалды тобына қарсы жер үсті ұрыс бастамақ

AstanaTV
09.02.2015ж. 13:00
1205
Ирак әскері «Ислам мемлекеті» радикалды тобына қарсы жер үсті ұрыс бастамақ

Ирак әскері «Ислам мемлекеті» радикалды тобына қарсы жер үсті ұрыс бастамақ. Бұл жайында АҚШ президентінің арнайы өкілі Джон Аллен мәлімдеді. Айтуынша, Ирак әскері жер үсті соғыс науқанын жақын уақытта бастайды.

«Коалицияның күш-қуаты мол»-дейді Аллен. Рейтерстің хабарлауынша, Біріккен Араб Әмірліктері де экстремистерге қарсы бірнеше ұшақ жібермек. Айта өтейік, Иордания билігі де әскери-әуе күштерін радикалды «Ислам мемлекеті» ұйымына қарсы бағыттады.

Әуе соққыларынан содырлардың «логистикалық орталықтары, қару-жарақ қоймалары мен бас сауғалар орындары» қираған. Иордания мұндай батыл қадамға тұтқынға алынған ұшқышы Муаз аль-Касасбеха аяусыз өлтірілген соң барды.

Al Arabia-ның хабарлауынша, Сирия мен Иракта халықаралық контртеррористік коалицияның күшімен 7 мыңдай лаңкестің көзі жойылды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА




 

Алдыңғы жаңалық